Қазақстан G20-ға енуге мүмкіндігі бар ел, тек…

Қазақстан G20-ға енуге мүмкіндігі бар ел, тек…

Өткен онжылдықтар нәтижесі Қазақстан саяси демократиялық реформаларсыз әлеуметтік те, экономикалық та, тиісінше дамымайтынын көрсетті. Экономикасы алдыға ұмтылса да, саясаты артқа тартатынын байқатты.

Тәуелсіздік алған шақта «Алдымен экономика, сосын саясат» делінген әлдебір қағидамен жүре тұру тиімдірек болған шығар, бәлкім. Дегенмен биліктің бір адамның қолына шоғырлана бастауы күш алып кетіп, ақыры жартылай авторитарлы елден тоталитарлы қоғамға өтті. Алаңсыз автократия алдыға шықты. Ал, бұл факторлар уақыт өте келе қаңтардағы қанды оқиғаға әкелді. Өкінішті-­ақ… Айтатыны жоқ, ауыр жағдай.

Әлеуметтік жағдай, экономикалық деңгей әлі 2013-жылғы кезден аса алмай тұр. ЖІӨ көлемі ғана емес, жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша да сол кезге жете алмай келеміз. Анығы, биыл түгілі, келесі жылы да сол межені қайталай алмайды. Төменгі жалақы неше жылдан бері енді асып отыр. Осындай күйге түсуге саяси жүйенің кесірі әжептәуір тиді. Орасан қарызымыз тағы бар. 166,7 млрд. АҚШ доллары. Бұл Қазақстан экономикасының көлемімен шамалас. Инвестициялық климат жақсы, соның арқасында $370 млрд. құйылды дедік. Бірақ, нәтиже жағы күнделікті көріп жүргеніміздей.

Егер саяси демократиялық реформаларды сәтті жүзеге асырсақ, Қазақстанның әлемдік отыздықты қойып, жиырмалықтан бір­ақ шығуына мүмкіндігі жетеді. Мәселен, шағын Нидерландыны алайық. G20-да нық тұр: бір триллион АҚШ долларынан асты. Экономика көлемі Түркиямен шамалас болатын. Енді бұл елді де артқа тастады. Біздің бір ауданымызбен шамалас мемлекет осындай белесті бағындырды.

Сондықтан адам капиталы құнды саналатын, жан­жақты дамуға мүмкіндік берілген азаматтық қоғам жолына түссек, Қазақ елі де дәуірлейді…

 Қ. Нұрғали

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0