Орман аумағы 17,5 млн гектарға жетті…

Орман аумағы 17,5 млн гектарға жетті…

2-қараша. Turaninform. Францияның орман аумағы 17,5 млн гектарға жетті. Бұл аталған мемлекет территориясының шамамен үштен бірі. Соңғы 40 жылда орманды алқап ауданы тіпті кеңейе түскен. Жылына 90 мың га-ға өскен екен. География және орман ақпараты ұлттық институтының мәліметі осындай.
Дегенмен орманның экологиялық сапасы нашарлаған, тиісінше, көмірқышқыл газын сіңіруі де төмендеген. Мәселен,  2014-2022жж. француз орманы 39 миллион тонна CO2-ні бойына сіңірген. Ал, 2005-2013жж. бұдан 1,6 есе артық сондай газды жұтқан еді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0