Қызылордадағы «Астана» мөлтек ауданы жаңа көпқабатты үйлермен толықты

Қызылордадағы «Астана» мөлтек ауданы жаңа көпқабатты үйлермен толықты

Апта аяғында Қызылордадағы «Астана» шағын ауданында 300 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды көптен күткен қоныс тойларымен құттықтады.

– Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл – біздің басты жетістігіміз. Соңғы 3 жылда облыста құрылыс 3,5 есеге, Қызылорда қаласында 8 есе өсті. Бүгінгі күнге дейін «Астана» шағын ауданында көпқабатты 17 тұрғын үй салынса, осы жылы 16 үй бой көтереді,- деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» шағын ауданындағы үйлердің құрылысы  «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. 2015 жылы – 7, өткен жылдың мамыр айында 5 үй пайдалануға берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0