Елімізде жас мемлекеттік қызметшілердің тұңғыш слеті өтті

Елімізде жас мемлекеттік қызметшілердің тұңғыш слеті өтті

12-13 мамыр күндері Қызылорда қаласында аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті.  Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, сонымен қатар, Қызылорда облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Слет аясында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Ахметжановтың қатысуымен «Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың ролі» атты форум ұйымдастырылды.

Форум барысында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Елбасының кәсіби мемлекеттік аппарат құруға баса назар аударғанын айта келе, оны сәтті іске асыру үшін қажетті заманауи тәсілдерді атап өтті.

Қ.Көшербаев нарық заманындағы мемлекеттік менеджментті дамытуда  жобалық басқару тәжірибесін енгізудің маңыздылығына да ерекше тоқталды. Сонымен қатар, аймақ басшысы мемлекеттік қызметке білімді, білікті жастарды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасымен білім алған азаматтарды тарту мәселесін қозғады.

Форумға қатысқан 300-ге жуық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті проблемаларды қозғап, ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, екі күнге созылған шара барысында әр аймақтан келген мемлекеттік қызметшілер Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени орындарды аралап, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған спорттық шараларға қатысты.

 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0