«Аграрлық несие корпорациясы» ЭКСПО-2017 барысында жүлделерді ұтысқа салады

«Аграрлық несие корпорациясы» ЭКСПО-2017 барысында жүлделерді ұтысқа салады

2017 жылдың 1 шілдесінде, Астана уақыты бойынша сағат 17:00 «АСТАНА ЭКСПО-2017» көрмесінің «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің стендінде көрме қонақтары арнайы байқау-викторинаға қатыса алады. Шара ұйымдастырушысы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (Корпорация). Конкурс барысында кез келген азамат өз бағын сынай алады.

Викторина сұрақтары Қазақстан ауыл шаруашылығына, сондай-ақ Корпорация және «ҚазАгроның» өзге де еншілес компаниялары қаржыландырған жобалар мен деректерге қатысты болмақ. Жеңімпаздар Корпорацияның серіктестері, яғни отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерінен құралған қоржындарды иеленеді.

«ҚазАгро» холдингінің стенді қазақстандық компаниялар жинақталған корпоративтік павильонда орналасқан. Нақты тұрған орнын волонтёрлардан сұрап білуге болады. Павильон жанында Арт-орталық пен “Line Brew” мейрамханасы бар.

«АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0