Астанада «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде жарық көрген туындының тұсауы кесілді

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) 100 аңыздан тұратын 1000 дана кітап жарық көрді. Бұл туралы Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте баяндады.
Әкімнің айтуынша, аталған еңбектің төрт тілде жарық көруінің басты мақсаты Елбасымыздың үш тілділік саясатын қолдау және Маңғыстаудың көне әрі бай тарихы мен мәдениетін, қасиетті жерлері мен өзіне тән ерекеше табиғатын суреттеп, әлемдік дәрежеде насихаттау болып табылады.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысында 2017 жылы «Атамекен» бағдарламасы бойынша демеушілердің қолдауымен 11 млрд. 4 миллионнан астам теңгеге 59 жоба жүзеге асырылған. Бұл көрсеткіш республика бойынша алғашқы орындардың бірі.
«Рухани қазына» ішкі бағдарламасы бойынша 2017 жылы 106 млн 340 мың теңгеге 11 ірі іс – шара атқарылды. Елбасының жарлығымен бекітілген «Алғыс күніне» орай  Маңғыстауда 1 наурыздан бастап «Асар – Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясының 2-кезеңі өтті. Нәтижесінде, 85 млн. теңге жиналып, 6 800-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді”, – деді Ералы Тоғжанов.
Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 11 млрд 205 млн қаражат жұмсалған.
Брифингте облыс әкімі 2017 жылғы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері мен 2018 жылға арналған міндеттер туралы баяндады. Аймақ өткен жылдың соңында барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң нәтижелерге қол жеткізген. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор индексі 100% құрап, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 96,9% -дан 100,1% -ға дейін өскен, жалпы сомасы 2,3 трлн. теңгенің өнімі өндірілген. Өңірде индустрияландыру картасы іске қосылғаннан бері 395 млрд. теңге инвестиция көлемінде 45 жоба жүзеге асырылып, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылса, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 98,8% -дан 100,1% -ға дейін артқан.
Кәмшат Ізбасарова, ҚР Журналистер одағының мүшесі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0