Маңғыстауда биыл 5611 түлек мектебімен қоштасады

Маңғыстауда биыл 5611 түлек мектебімен қоштасады

Биылғы Ұлттық біріңғай тестілеуге 5611 оқушының ішінен,4167 түлек қатысуға өтініш білдірді.  Былтыр бұл көрсеткіш 3600 болған.  Яғни, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіргендер саны 567-ге артып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

ҰБТ 20 маусым және 1 шілде аралығында өткізілу жоспарланып отыр.Былтырғы оқу жылынан бері Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңде өткізілмек, атап айтқанда қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. Жалпы Маңғыстау облысы бойынша 126 орта мектеп қорытынды аттестациялаудан өтеді.

 «Емтихандарға арналған барлық мектеп бөлмелері салқындатқыш және қажетті техникалық (аудио-тестілік жұмыстар үшін) құралдармен  қамтамасыз етілген. Мектеп бітірушілердің деректер қоры жасақталып, барлық мәліметтер ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданды», – деді Нұрлыбек Қойжанов, Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Биыл облыс бойынша мектеп бітіруші 5611 түлектің5033 күндізгі, ал 578 кешкі ауысыммен білім алғандар. «Алтын белгі» төс белгісіне үміткерлер саны – 174 болса, үздік аттестатқа үміткерлер саны – 215.Білім беру ұйымдарында комиссиялар құрылған, олардың құрамында мекеме басшылары, пән мұғалімдері, ата-аналар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Облыста қорытынды аттестаттау барысында 134 комиссия жұмыс жасайтын болады, оның 126 мектептер мен білім басқармасында, ал қалған 7-уі білім беру бөлімдерінде.

Сондай-ақ, Нұрлыбек Қойжановтың айтуынша, облыста төрт Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттері бар. Олар – «Yessenov University», Бейнеу ауданы Күйкен орта мектебі, Жаңаөзен қаласындағы № 19 білім беру ұйымы және Маңғыстау ауданындағы Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп Оқушылардың тасымалы мен тамағына жергілікті бюджеттен, алты миллионнан астам  қаржы қарастырылған.

Брифинг барысында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды. Белгілі болғандай, бүгінгі таңда жоғарғы оқу орны, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын алғанда барлығы 1392 орындық студенттерге арналған 5 жатақхана бар. Олар – Ақтау қаласындағы 200 орындық, Қарақия ауданында – 200 орындық, Жаңаөзен қаласында – 42 орындық, университетте – 950 орындық.

Облыс бойынша жатақханаларға қажеттілік 2600 орынды, оның ішінде колледждер суденттері үшін – 1600 орын, «Yessenov University» студенттері үшін – 1000 орынды құрайды.

Мәселені шешу мақсатында Ақтау қаласында әрқайсысы 500 орындық 5 жатақхана, атап айтқанда3 колледждер, 2университет үшін және Жаңаөзен қаласында 100 орындық жатақхана мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша, сонымен қатар жеке инвесторлар қаражатының есебінен де салуы мүмкін.

Жатақханалар үшін тиісті жер учаскелері бөлініп қойған. Сонымен бірге, мәселені жедел шешу мақсатында дайын ғимараттарды сатып алу да қарастырылмақ.

 Кәмшат Ізбасарова, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0