4 мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары лауазымына үміткерлер белгілі болды

4 мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары лауазымына үміткерлер белгілі болды

16 мамыр күні жаңа таңдау механизмі бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректорлары лауазымдарына үміткерлерді анықтау бойынша Республикалық конкурс комиссиясының кезекті отырысы өтті.

ЖОО бақылау кеңестері конкурсқа өтінім берген 41 үміткердің ішінен Республикалық конкурс комиссиясына 10 үміткерді ұсынды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалық ететін, құрамында белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлері бар комиссия ректорлардың бос орындарына үміткерлермен бетпе-бет тілдесу жүргізді.

Тілдесу және ЖОО даму бағдарламарын талдау қорытындылары бойынша комиссия М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының лауазымына Қожамжарова Дария Пернешқызын, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының лауазымына Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлын, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының лауазымына Сырлыбаев Марат Қадырұлын, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты ректорының лауазымына Қаунышбаев Сейітбек Бекенұлын анықтады.

2016 жылдан бастап ЖОО бақылау кеңестерінің конкурстық саралау негізінде Республикалық комиссия 15 мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын таңдады.

ҚР Баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0