Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу салтанаты басталды

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу салтанаты басталды

Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми ашылу салтанаты театрландырыған қойылыммен және музыкалық жарықтық шоумен басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

17 елдің мемлекет және үкімет басшысы баламалы энергия көзі тақырыбына арналған театрландырылған қойылымды тамашалау үшін ЭКСПО-2017 нысанының негізгі концерт залына жайғасты. Бұдан кейін мәртебелі меймандар таңғажайып отшашу мен мультимедиялық жарықтық шоуға куә болады.

Театрландырылған шоу энергоүнемдеу технологияларының арқасында мүмкін болған өмірді көрсетеді. Керемет қойылым, әсем әуен мен актерлер шеберлігі қонақтарды басқа әлемге жетелегендей. Ол әлемде күн энергиясы негізгі тіршілік көзі болып табылады.

Бүгін мемлекет басшылары ЭКСПО – 2017 көрмесінің негізгі нысаны диаметрі 80 метрлік «Нұр Әлем» сферасында болады. Бұл павильондағы «Болашақ энергиясы музейінде» біздің елімізбен жақын танысуға болады, сондай-ақ, негізгі энергия түрлері көрсетіледі.

Сонымен қатар, отандық павильонда «Болашақ Астана – 2050 жылдағы Қазақстанның астанасы» экспозициясы, ғарыш энергиясы залы, «Жасампаз энергия» аймағында энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы отандық ғалымдардың үздік жобалары, «Тоқамақ» Қазақстандық термоядролық материалтану реакторының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиа-тақта орналасқан.

«Толық сфера» формасындағы Нұр Әлем жеті қабатқа бөлінген. Сегізінші қабатта Астана болашақ қаласы ретінде назарға ұсынылады.

Жетінші қабат ғарыш энергиясы, алтыншы қабат күн энергиясы,бесінші қабат жел энергиясына арналған. Төртінші қабатта биоэнергетиканың жəне басқа қуат көздерінің жетістіктері, үшінші қабатта Жер ғаламшарының кинетикалық энергиясы көрініс тапқан. Екінші қабатта су энергиясы тақырыбы қамтылған.

Ұлттық павильон 5 мың шаршы метр аумақты алып жатыр.

 bnews.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0