Азаматтық қоғаммен тығыз байланыс: ішкі істер органдары жүйесіндегі жемқорлықпен күрес қалай жоспарлануда?

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіндегі табысты реформа шарттарының бірі – жемқорлықпен күрес болып табылады. Ведомство бұл бағыттағы жұмыстарды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге және азаматтық қоғаммен тығыз байланыста жүргізуге ниетті. Ынтымақтастықтың басты мақсаты –жемқорлықты іс жүзінде азайтып, ІІМ жүйесі мен еліміздің жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың сенімін арттыру.

Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтыңбасшылығымен, қоғам өкілдерінің қатысуымен арнайы кеңес өтті. Басқосуда ІІМ-ін реформалаудың Жол картасы негізінде әзірленген құқық қорғау органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары жобасы талқыланды.

Жоспарды әзірлеу кезінде соңғы жылдарда, әсіресе әлеуметтік желіде талқыланған қоғамның ұсынысы сарапқа салынды және жан-жақты талданды.

Мәселен жоспарда тіркеу-емтихан алу бөлімінің, жергілікті полиция қызметі жұмысының айқындығын одан әрі жақсарта түсуге бағытталған іс-шаралар да қарастырылған. Соның ішінде IT-шешімдер және тиімді бизнес үрдістерді енгізу, жемқорлыққа төзімсіздігіне тексеру жүргізу (адалдығын тексеру), тұрғындармен кері байланыстың тиімді жүйесін (бірыңғай қоңырау шалу нөмірі, мобилді қосымша, телеграмм-бот және тағы) басқалары) енгізуге назар аударылады.

«Бірлескен іс-шаралар жоспары –бұл ІІМ және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығы және азаматтық қоғам институты тарапынан қадағаланатын бұл үлкен жұмыстардың бастамасы.

Бұл жұмыстардың басым бағыты – жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу.Жоспардың жобасы қоғам талқылауынан өткеннен кейін бекітілетін болады.

Осы құжатты іске асыру барысы жарияланып отырады, соның нәтижесінде қоғаммен кері байланыс орнату қамтамасыз етіледі және оған қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндің жасалады.

Біздің мақсатымыз – ішкі істер органдары қызметінің әрбір бағыты бойынша себеп-салдарлар мен жағдайларды барынша көп және толық анықтау, сол арқылы жемқорлықты жоюдың тиімді шаралар кешенін әзірлеу», – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ортақ міндеттерді шешу үшін ведомстволық мүдделерді айналып өтіп, министрлік қызметінің тиімді транспаренттік жүйесін құру қажет.

«Мемлекет басшысы тұрмыстық жемқорлықты жоюда, көрсетілетін қызметтердің сапасын аттыруда біздің миссиямыздың маңыздылығын атап өткен болатын. Мұның бәрі өз кезегінде халқымыздың әл-ауқатын арттыруға септесері сөзсіз.

Біз өз жұмысымызда заңдылық пен адалдық ұстанымдарын қатаң басшылыққа алып, жемқорлық құқықбұзушылықтар фактісінің орын алуына жол бермеуіміз қажет.

Біз барлық мүдделі мемлекеттік органдарды және қоғам өкілдерін осы жұмыстарға өз үлесін қосуға шақырамыз», – деді ол кеңесте сөйлеген сөзінде.

Ішкі істер органдарындағы басым бағыттар:

– полицияның күнделікті қызметіндегі тұрмыстық жемқорлықты;

– мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталады.

Барлық мүдделі мемлекеттік органдар және қоғам өкілдері ішкі істер органдары жүйесіндегі жемқорлықпен күреске өз үлестерін қоса алады.Сол үшін Жоспар жобасы ІІМ және аталған агенттіктің сайтында орналастырылады және талқылауға қол жетімді болады. Жоспар азаматтардан түскен ұсыныстар есебінен толықтырылады.

Агенттік өз кезегінде ІІМ-ге тек осы іс-шаралар жоспары аясында ғана емес, одан әрі атқарылатын жұмыстарға да әдістемелік көмек көрсетеді.

Кезектен тыс аттестаттауды өткізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында заңнаманы білуі тестіленеді және Агенттік базасында өткізіледі

Аттестаттаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін аталған Агенттіктің азаматтық қоғаммен бірлесе әзірлеген рәсімдер мен материалдар негізінде өткізу жоспарланып отыр.

 ҚР ІІМ Баспасөз қызметі, ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0