27-тамыз. Turaninform. Адамдардың қартаюы бір ізбен, үздіксіз жүрмейді, кезең-кезеңімен, екі толқын болып соғады. Шамамен 44 және 60 жаста. Бұл туралы осы зерттеудің басында жүрген, Стэнфорд университетінің генетигі М. Снайдер мәлім етті. Ғалымдар 108 адамның бойындағы өзгерістерді 7 жыл бойы тапжылмай назарда ұстаған. 135 мың молекула мен микробтарды талдаған.
Олар 44 жастағы өзгерістерді әйелдерге ғана тән, яғни етекккірдің тоқтауымен не сонымен сабақтасатын денсаулықтың құбылуы шығар деп ойлаған. Дегенмен сол жастағы ер адамдардың бойында да сондай өзгерістерді байқаған екен. Сондай-ақ, алпыс жасқа таяған адамның денсаулығы да, күтпеген жерден сыр беруі мүмкін…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР