АЛЛА Тағаланың айы – Ережеп құтты болсын!

АЛЛА Тағаланың айы – Ережеп құтты болсын!

Ислам дініндегі құрметті, қасиетті төрт айдың бірі – Ережепке де жеттік. Шүкір! Бұл айда қасиетті Рағайып және Миғраж түндері бар. Рағайып түні осы айдың алғашқы жұмасы, яғни, наурыздың 30 ынан 31 іне қараған күнге сәйкес келеді. Миғраж түні болса, сәуір айының жиырма үшінен жиырма төртіне қараған күнге сәйкеспек.

Ережеп айына қатысты түрлі сөздер бар. Ihsan.kz сайтында жарияланған төмендегі оқиға да солардан.

Сәубән (р.а.) мына бір оқиғаны жеткізген: Пайғамбарымызбен  (ﷺ) бірге кетіп бара жатыр едік. Жолымызда қабірлер болатын.  Пайғамбарымыз  (ﷺ) бір кезде  қабірлерге қарап, көзіне жас алды. Содан соң маған қарап: «Ей Сәубән, мына қабірдегі жатқан адамдарды қабір азабынан құтқаруды тілеп Алла Тағаладан дұға еттім. Егер де бұлар Ережеп айында бір күн ораза ұстаса немесе құлшылық етсе, яки осы айда дүниеден өтсе,онда бұларға қабір азабы болмас еді» – деді. Сонда мен: «Я, Расулалла! Ережеп айының бір күнгі оразасы қабір азабынан құтылуға кәффәрат болады ма?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз  (ﷺ): «Әр мұсылман ең болмаса ережеп айында бір күн нәпіл ораза ұстаса, ғибадат етіп, құлшылық жасаса немесе осы айда бұл дүниеден озса, Алла Тағала ол кісінің амал кітабына бір жылғы ғибадаттың сауабын жазар» – деген.

Жаратушымыз АЛЛАҺ ережеп айынан баршамыздың игіліктерге кенеліп шығуымызды нәсіп ете көрсін!  Инш АЛЛА, жақсылықтарымен жарылқап, сүйген құлдарынан болу бұйырсын!

 Фото mazhab.kz-тен өзгертіліп алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0