19-қазан. Turaninform. “Ас атасы – нан” деп қадірі жоғары бағаланатын азық түрі, барлық жағдайда денсаулыққа пайдасын тигізе бермейтіні белгілі. Әсіресе, кей азықтармен араластыра жегенде денсаулыққа, керісінше, зиян тиюі де мүмкін. Мысалы, қауынмен қосып жеген жөн емес, ал, май немесе тосапқа қосып ше? “Курсор” жазған мақалаға сәйкес, нанға сарымай жағып жеуге әуес болу – ағзада холестериннің артуына, жүрек-қан тамырлары ауруына әкеп соқтыруы ықтимал. Таңғы аста нанға тосап қосып жеу – қандағы қанттың үлесін бірден көтеріп жібереді. Сондай-ақ, тосаптағы қанттың мейлінше көп болуы – ішек-қарын жолын борсытып, ішті кептіреді. Сүтке нан турап жеуде де ағзаға түсетін ауырлық бар: газ жиналу, іштің ісінуі.
Әрине, нанды араластырып жеу – әр адамның ағзасына әртүрлі әсер ететіні тағы бар. Әрі науқас болса, тіпті түрлене түседі. Мұндайда дәрігер кеңесі де керек.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР