Астанада ЭКО процедураларына демеушілік жасайтын қордың таныстырылымы өтті

Астанада ЭКО процедураларына демеушілік жасайтын қордың таныстырылымы өтті

8 маусымда Астана қаласында тестілеу нәтижелері экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісімен бала тууға арналған «Аңсаған сәби» мемлекеттік квотасына сәйкес келмейтін отбасыларға көмек көрсететін Mariyam қайырымдылық қорының салтанатты таныстырылымы өтті.

Mariyam қоры белгілі тележүргізуші, журналист, Астана қаласы мәслихатының депутаты – Ләйлә Сұлтанқызының бастамасымен құрылған.

Л.Сұлтанқызы жиналғандарды құттықтап, еліміздегі бедеулікпен күрес тақырыбының маңыздылығына тоқталды:

«Ата-ана атанғысы келетін мыңдаған адамның хатын оқып отырып, олардың бастан кешіріп жатқан қиындықтарына бейжай қарай алмайсын. Бұл бала үшін күрес, үрей, қорқыныш отбасында болып жатқан сан түрлі жағдай. Дегенмен махаббат, күрес, шыдамдылық, үміт ақыры діттеген мақсатқа жеткізері хақ. Әсіресе әйелін қолдаған, қорғаған ер азаматтардың рөлі ерекше. Былтырғы пациенттеріміздің барлығы ата-ана атанды. Бір ғана келіншектің қалжа тойын күтудеміз. Биылғы жылдың соңына дейін Mariyam қоры арқылы 20 жуық отбасыға көмектесу ойда бар».

Іс-шарағаДенсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, қазақстандық қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, журналисте және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Сонымен қатар Mariyam қайырымдылық қорының салтанатты таныстырылымына орай ҚР Парламенті Сенатының төрағасы МәуленӘшімбаев құттықтау хатын жолдады:

«Мұндай жобалар елімізде халық санының артуына да өз септігін тигізеді. Алдағы уақытта Қор белсенді азаматтар тарапынан қолдау тауып, көптеген сәбидің өмірге келуіне себепші болады деп сенемін. Жаңа бастама жақсы амалдармен жалғасып, әр ата-анаға бала сүю бақытын бұйырсын! Қазақстан халқы көбейе берсін!».

Республикалық электронды денсаулық орталығының мәліметінше, «Д» есебінде «Бедеулік» диагнозымен 26 мыңнан астам әйел мен 4 мыңнан астам ер адам бар.

Мемлекет бұл мәселемен белсенді түрде айналысуда, бірақ барлық әйелдер бөлінген квота аясында көмек ала алмайды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник «Аңсаған сәби» бағдарламасына тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдан бастап экстракорпоралды ұрықтандыруға (ЭКҰ) квота саны 7 есеге ұлғайды. Екі жылда 14 000 әйелге ЭКО қызметі көрсетілді. Бағдарлама нәтижесінде 6200-ден астам әйел жүкті болып, 3500-ден астам отбасында 4000-нан астам көптен күткен сәби дүниеге келді. Оның ішінде 1900-ден астам қыз, 2100-ден астам ұл, 598 егіз дүниеге келді, қазіргі таңда 3000-ға жуық жүкті әйел көптен күткен сәбилерінің дүниеге келуін күтіп отыр», – министр.

Дегенмен, барлық ата-ана бұл бағдарламаға сәйкес келе бермейді. Алайда, бұл жағдайда оларға Mariyam қоры қолдау көрсете алады.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 2
  • comment-avatar
    Акмарал 8 months

    Садеметсызбе мен ана атангым келеды 18 жыл болды комек берынышы

    • comment-avatar

      Сәлеметсіз бе?! Редакцияның телефон нөміріне хабарлассаңыз…

  • DISQUS: 0