Біз, музыка пәні ұстаздары, 30 жылда қолымыз әзер жеткен музыка пәні әдіскеріміз Гүлшат Турмаганбетова Жолдыбайқызын өз орнына, музыка пәні әдіскері етіп қалдыруыңызды талап етеміз! Осы кезге дейін музыка пәнінен басқа пән мұғалімдері әдіскер болып келді. Олар музыка сабағын талдамақ түгілі мұғалімнің қандай тональдықта ойнап отырғанынан мүлде хабарсыз, яғни, музыкадан сауатсыз болды. Біз ол сауатсыз әдіскерлердің дөрекілігіне мәдениетпен, дыбыс шығармай шыдап келдік. Алайда, Гүлшат Жолдыбайқызы келгелі алғаш рет пәніміздің 30 жылдан қозғалмай келген проблемаларын өркениетті түрде қолға алып талқылай бастадық. Кәсіби деңгейімізді көтеріп, өзіміз 20-30 жылдан бері шықпай келген үлкен сахнаға 5 репетициямен, жанды дауыста үлкен концерт бердік! Тоқсанға жуық мұғалім серпіліп сахнаға бір уақытта шығып, үлкен рухани серпіліс алдық! Концерттің кульминациясы да бұлбұлымыз, коларатуралық сопрано дауысындағы халықаралық байқаулар лауреаты Ресей вокал мектебі өкілі Гүлшаттың орындауындағы әнімен, ду қол шапалақпен аяқталған болатын. Бұған дейін әдіскерлер бермеген Гүлшаттың шеберлік сабағына қатысып, дидактикалық ойындарына тәнті болдық! Кезек күттірмейтін үлкен мәселелерді әдіскеріміз үлкен республика чаттарында сауатты көтеріп, сонда бүкіл республика музыка пәні ұстаздарына тәлімгерлік кеңес беріп отырды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш еді.
Гүлшаттың баладай таза кең пейілі үлкен адамгершілік қасиеті мыңдаған адамға бір уақытта көркемдік жетекшілік ете алатын ұйымдастыру дарыны, қазақ халқының төл мәдениеті мен дәстүрлі өнерінен біліктілігі елорданы – елдің ордасындай республикаға тұтқа болатындай әдіскеріне лайықты барлық аудандар мен қалалар үлгі алатын қайнаған шығармашылық Ордаға айналдыра алды. Оның жазықсыз жапа шеккен әрбір жұмыссыз күніне республика музыка пәні ұстаздары да наразылық танытып, чатта үлкен дүрбелең болды. Осындай туа біткен қайнаған шығармашылық адамын сүйікті мамандығынан айырып, жұмыссыз қалдыруға кімнің ары барды екен?! Гүлшат – ұлт ұстазы! Оның «Алтын адам», «Ұлт ұстазы», «Айтыс» атты ойдан шығарған байқауларына дейін музыка пәні ұстаздарына арналған бір де бір байқау болмаған. Оны, аттестацияға жарамды 514 бұйрыққа енгізуге ұсыныс беріп, музыка мұғалімдерінің арасында тұңғыш рет өзі өткізіп, тұсауын кескен болатын. Басқа пән мұғалімдері сахнада сайысқанда бұрын қызыға қарайтынбыз, Гүлшат бізді баладай баптап сахнаға дүркін-дүркін шығарып, шығармашылығымызды шыңдап отырды. Ол бізге анамыздай қамқор жанашырлықпен қарап, біз де барлық пәндермен теңесетін боламыз!, деп пән беделін көтеруге аянбай тер төкті. Ол 1 жылда 30 жыл жасалмаған жұмыстардың тізімін шығарған ұлт білім реформасына жанашыр,қомақты үлес қоса алатын ақылдың адамы екенін дәлелдеді.
Республика ұлтжанды білікті ұстаздарын жұмылдырып, өзі 30 жылдан бері зерттеп жазып келген «Бабалар үні», «Алтын бесік», «Домбыра» бағдарламаларының редакциялық жұмыстарына жетекшілік етті. Астана музыка кабинеттері жағдайын тексеріп, алғаш нақты дерек жинап, бұрыннан беріліп келген жалған деректерді жойды. Аттестация жүйесінің астарлы саясатын әшкерелеп, тест сұрақтары өрескел қателерін әшкерелеп, ҰТО на альтернатива жазуға рұқсат хат жолдады. Оқулықтың өрескел қателіктерін де чаттарда талқылап, сауатты ой талқыға түрткі қозғаушы күшке айналды. Домбырада, прима қобызда, пианинода кәсіби орындаған күйлері, қазақ операларынан ариялар, орыс романстары оның репертуарының бесаспап жан-жақты шығармашылыққа бейімділігінің дәлелі. Чаттағы өзге ұлттарға деген құрметі де осы әндердің бірнеше тілділігінен байқалатын. Екі ай сайын өткізген конференциялары мен семинарлары екі тілде өтетін де ұдайы басқа ұлт өкілдерін де ұмытпай сертификатпен қамтамасыз етіпотыратын.
Гүлшат әдіскер жұмысының іргетасын қалап, республикаға үлгі бола білген тұңғыш музыка пәні ұстазы деуге болады. «Бабалар аманаты»атты оның концертін республика ұстаздары көріп, Алматы қаласы мұғалімдері осы үлгіде концерт беруге дайындалуда. Бұрын апробацияға қатыспаған ұстаздарды қатыстырды. «Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды!» демекші, осындай ұлты үшін құлшынып жұмыс жасайтын адамның шығармашылығын ешкім өшіре алмайды! Оның әрбір жұмыссыз күні бізге ауыр тиюде. Мүгедек баласының бар екеніне қарамай, еңбек шарты аяқталғанын асыға күтіп, өкшелей қуып, күн бермей, өзіміздің чаттан Гүлшатты түнгі сағат 22:00 себепсіз шығарған, және, халық жауындай қудалап,1 жыл бойы еш жерге жұмысқа алмауы себебін анықтап, жазықсыз жапа шеккен әріптесімізді өз тұғырына қайтаруыңызды талап етеміз!
Гүлшатты қорғаған мұғалімдерге қысым көрсеткен директорлар кімнің ықпалымен музыканттарына буллинг көрсеткенін де анықтауын талап етеміз! Осынша білімді де білікті маманды не себепті музыканттардың 5 сьезіне жібермей қалғанын да білгіміз келеді? Гүлшаттың тағы бір көтерген мәселесі, ол 15 ші рет өткен «Шаттық» байқауы еді. Оргкомитеттің 15 жыл бойы жіберген өрескел қатесіне қарсы болған хатына Сіздің орынбасарыңыз Рима Асымқызы жауап бермеген. Не сепбепті дарынды да сезімтал,нәзік те қайсар, ұлтым деген девизбен өмір сүретін дарынды, кәсіби әдіскерді жұмыстан еш себебін айтпастан босаттыңыздар. Бізге басқа әдіскер керек емес, өз әдіскерімізді қайтаруыңызды сұраймыз! Бізге түйіндері шешілмей күтіп тұрған мәселелерді жолға қоя алатын, министрмен де тең дәрежеде қазақтың білім реформасын талқылай алатын Гүлшат Жолдыбайқызын музыка пәні әдіскері лауазымына қайтаруыңызды талап етеміз!
- Бекен М
- Калиева А.
- Ж.Итугулова
- М.Ахметханқызы
- Т.Кожамуратова
- Киркимбаева Д
- Сағымбеков Ж
- А.Нұржан
- К.Бекенұлы
- А.Изеева
- Гүлнар 91
- А. Жексенұлы
- С. Кулбас
- Ж.Мусина
- Арда69
- Н. Болатқызы
- Д. Жақсылыққызы
- Ж.Ғазизқызы
- Кеңшілікова Г.
- М. Мехметұлы, Молдабекова Ардақ т.б. 3 жүзге жуық адам осы мәтінді қолдаған. Редакциядан: Астана қаласы Білім басқармасының уәжі болса, жарияаймыз…
ПІКІРЛЕР
Музыка сабағы-мектептен бастап баланы мадениет пен Отанды, Ултты құрметтеуге уйрететін ең қажет предмет емес пе. Ең керек предмет халыққа.
Музыка сабағы-мектептен бастап баланы мадениет пен Отанды, Ултты құрметтеуге уйрететін
қажет предмет емес пе. Ең керек предмет халыққа.
Толықтай қолдаймын. Гүлшат Жолдыбайқызын өз орнына қайтаруын талап етіп сұраймын.
Мен Гулшат Тұрмағанбетованы қолдаймын. Шығармашылық өнерді түсінетін, жаны ашитын жақсы көретін адам ғана біледі.
Қайта жұмыс орнына алуына тілекшімін.
Біздің елімізде өз ісінің мамандарына неге жол жабылады? Білім саласын, шынайы жаны ашитын ұстаз басқару керек. Сол сияқты өз ісінің шеберлері әдіскер болу керек. Олқылықтар қайдан шығады? Әрине, сырттан келген адам, салаға еш қатысы жоқ адам әдіскер немесе басшы болғандықтан. Гүлшат ханымды өз ісінің шебері, жақсы маман ретінде қызметіне қайтару керек деп ойлаймын.