8-қазан. Turaninform. Қырғызстан президенті А. Атамбаев Қазақ елі билігіне қатысты қатаңдау ой-пікір білдірді. Әрине, А. Атамбаевтың біздің елге, ондағы билікке қатысты қатқылдау пікірі бір бұл емес. Сонымен не деді?
– Қазақ билігінің бізге не үшін сондай басшыларды таңғысы келетінін түсінемін. Олар Бәкиевті жақсы көреді. Бәкиевтер Алматыда әлі күнге дейін мейрамдатып жүр. Мен тіпті Қазақстанның ең үлкен қызметтерінде жүргендерден бірнеше рет естідім: Бәкиевтер адамдарды атып, дұрыс істеді дегенін. Себебі, қазақ халқына жаман үлгі көрсетеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дұрыс айтады: Алматының ЖІӨ-і бүкіл Қырғызстандыкынан 5 есе үлкен, Қазақстан ЖІӨ-і Қырғыз экономикасынан 20 есе көп. Әр қазақстандықтың орташа табысы Қырғызстаннан 10 есе үлкен. Олай болса, Қазақстандағы зейнетақы неге 1,5 есе ғана үлкен, 10 есе емес, тарифтер қалайша 5 есе жоғары? Себебі, Қазақстан байлығын тонап жатыр. Олар (Қазақ елінің байлығы – Turaninform) Қазақстан халқына бармайды. Біз жаман үлгі көрсетеміз, Атамбаев та жақсы үлгі емес. Ол (Өзін айтып отыр, яғни А. Атамбаевты – Turaninform) әділ биліктің үлгісін көрсетеді – деді көрші әрі туысқан Қырғыз елінің басшысы
Сонымен қатар ол: «Егер көршіміз есін жимаса, мен басқаша сөйлейтін боламын. Мен әділ билік, адал президенттің үлгісін көрсеткенімді мақтан тұтамын» дейді.
А. Атамбаев “бәрібір әділ сайлау өткіземін” деп отыр. Ал, Президент сайлауы Қырғызстанда 15-қазанда өтпек.
ПІКІРЛЕР