Мемлекетке 4,5 миллиард тг көлемінде залал келтірді деген күдікпен “OrdaMed” АҚ басқарма төрағасы Е. Длімбетовке іздеу жарияланды. Бұл 9 млн АҚШ долларын төңіректейді. Күдіктіні іздеп жатқан ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі. “OrdaMed” басшылығы өздерін Қазақстан жерінде өндірісі бар компания ретінде көрсеткен, яғни жалған құжат жасаған. Осылайша, заңсыз жеңілдіктер алған.
Салыстыру үшін… Бірер күн бұрын Корея Республикасы экс-президентінің әйелі Ким Гон Хи құны 56 мың АҚШ доллары болатын заттай пара алғаны үшін 20 айға сотталды. Қазақстандықтың келтірген зияны одан кемі 150 есе артық! Шартты түрде алсақ, 3000 айға қамап жіберетіндей қылмыс, залал түрі…
Қолында билігі жоқ ортаңғол кәсіпкердің тонауы осындай болса… Сонымен қатар, осынша соманы ықпалды қызметтерде отырған адамдары болмаса, жей алмасы да анық…
Қ. Нұрғали
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР