4-мамыр. Turaninform. Reporters without borders жылдағыдай әлем елдеріндегі баспасөз бостандығын биыл да жариялады. Аталған ұйымның талдауына қарағанда, дүние жүзіндегі елдердің жартысынан астамында сөз еркіндігі қиын жағдайда немесе “Өте күрделі” деген санатта тұр. 25 жылдық зерттеу жолында осынша құлдырау болмаған делінеді. Десек те, қуантарлық тұс та бар. Норвегия он жыл қатарынан 1-орыннан түспей келеді: ең жоғары делінетін 100 ұпайдан 92,72 алды. Тоталитарлы қоғамдық сананы кері серпи алған Эстония әлі үштікте. Эстондардың жиған ұпайы – 88,54. Сонымен қатар, ондықтағы елдердің барлығы Еуропа мемлекеттері.
Зерттеуге Жер жүзінің 180 мемлекеті мен аумағы алынған. Ал, оқ бойы озған үздік ондық елдерінің толық тізімі төмендегідей:
1. Норвегия;
2. Нидерланды;
3. Эстония;
4. Дания;
5. Швеция;
6. Финляндия;
7. Ирландия;
8. Швейцария;
9. Люксембург;
10. Португалия.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР