Баспасөз бостандығынан ТОП-10 елдері 

Баспасөз бостандығынан ТОП-10 елдері 

5-мамыр. Turaninform. Қ. Қалмахан. Сөз бостандығынан әлем елдерінің орнын түзіп шықты. Reporters without borders үкіметтік емес ұйымы. Жер жүзінің 180 елі мен аймағы бар ұзынсонар тізімнің басында, осы жылы тағы да, Норвегия тұр. Өркениетті өмірімен таңдай қақтырып келе жатқан елдің ұпайы тоқсаннан түсер емес. Биылғы ондықтағы және бір қызықты да қызығарлық тұс, Эстонияның 2-орынға бір-ақ көтерілуі! Бұл ел, тиісінше, 141-174-орындарда тұрған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Әзірбайжан, Ресей, Түрікменстанмен бір “одақта” болды, әрі шамалас уақытта тәуелсіздік алды деп кім айтады… Бірнеше ұрпағы демократияны бойына сіңірген Нидерланды, Швеция, Дания, Финляндия т.б. озық қоғамы бар елдерден озуы – Эстонияның өте үлкен саяси жетістігі.
Ал, ТОП-10 елдерінің толық тізімі төменде:
1. Норвегия;
2. Эстония;
3. Нидерланды;
4. Швеция;
5. Финляндия;
6. Дания;
7. Ирландия;
8. Португалия;
9. Швейцария;
10. Чехия.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0