18-маусым. Turaninform. Өткен жылы әлем бойынша, жастардың арасындағы жұмыссыздық 12,4%-ға жеткен. Мұның ішінде табысы төмен елдердің жағдайы тіптен ушығып барады. Мәселен, олардағы жастардың жұмыссыздығы 28%-ға жуықтаған.
Сонымен қатар, дүние жүзіндегі шамамен 260 миллион жас адам оқымайды да, жұмыс та істемейді екен. Кәсіби білімін жетілдірмеуі тағы бар. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі осындай.
Жығылған үстіне жұдырық, жасанды интеллект, басқа да жаңа технологияның дамуы – дамушы елдердегі әлеуметтік мәселені күрделендіре түседі. Дегенмен әр елдегі билік еңбек нарығын дамытса, жұмыс орындарын ашуға ұмтылса, әлеуметтік саясатын ілгерілетсе, жағдай оңалуы ықтимал…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР