18-ақпан. Turaninform. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен журналист, тележүргізуші Нұрділдә Ораз министрлік қызметіне тағайындалды. Бұйрыққа сәйкес, ол бүгіннен бастап ІІМ кеңесшісі, әрі ресми өкіл-баспасөз хатшысы.
Н. Ораз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Бірнеше телеарналарда еңбек етіп, «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та оқып келген ол, ҚР Бас прокурорының ресми өкілі, аппарат жетекшісінің орынбасары, «ОРТ-Еуразия» телеарнасы бас директорының орынбасары т.б. қызметтерді атқарған.
Фото ummet.kz-тен алынды
ПІКІРЛЕР