2-маусым. Turaninform. АҚШ Сенаты федералды үкіметтің қарыз алуына рұқсат берді. Заң жобасын 63 сенатор қолдаған. Қарсы болғандар да аз емес: 36. Енді президенті қол қойса, АҚШ та, күпті көңілде тұрған әлемдік экономика да бір жеңілдейді. Бірақ, 2025ж. қаңтарына дейін ғана…
Мұның алдында аталған мемлекеттің Қаржы министрі Дж. Йеллен, егер, қарыз шегін көтермесе, 5-маусымда федералды үкіметтің ақшасы таусылатынын ескерткен еді. Дүниежүзілік экономикада АҚШ долларының орны зор. Халықаралық валюталық резервтің 60%-ға жуығы америкалық ақшада сақталуының өзі ықпалының қандай екенін білдіруге бір мысал.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР