4-қараша. Turaninform. АҚШ-тағы Конгресс сайлауында демократтар республикашылдарды анық басымдықпен жеңді. Осы уақытқа дейін есептелген мәліметке қарағанда, демократтар Сенатта 54, ал, Өкілдерде кемі 234 орынды иемденіп отыр. Сайлау нәтижесі толық шықпаса да, демократтардың екі Палатада да Ақ үйге сөзі өтімді болуына осы орындар жеткілікті. Республикашылдардың сайлаушылар көңілін қалдырғаны сонша, ұзақ уақыттан бері демократтардан басым түсіп келе жатқан штатта да жеңілді.
Д. Трамптың адымын тарылтатын ірі саяси оқиға. Республикашылдардың ойсырай жеңілуіне Ақ үй басшысының импорт тарифы, Иранға қарсы әскери операция бастап, мұның салдары энергетиканың қымбаттауына әкелуі, Ресей-Украина соғысын тыймақ түгілі, өзі де соғысқа шатылуы, Украинадан ашық бет бұруы, елдің жағдайын жақсартпақ түгілі инфляциядан көз аштырмауы, дөрекі антииммиграциялық саясаты және т.б. себеп әсер етті…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР