16-маусым. Turaninform. “Қазақ газеттері” ақпараттық басылымымен Maqsut Narikbayev University оқу орындары арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар маңызды құжатқа қол қою барысында оқу орнының басшысы Талғат Мақсұтұлы:
« … Дихан Қамзабекұлына жоғары білім саласындағы атқарып келе жатқан еңбегімізді бағалап және еңбек нарығындағы кәсіби кадрлар мен тәжірибелі мамандардың болу маңыздылығына баса назар аударғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Осыған байланысты біз Maqsut Narikbayev University профессорлары мен сарапшыларының қатысуымен “Егемен Қазақстан” газетінде “Заңгер кеңесшісі” және “Казахстанская правда” газетінде “Консультирует юрист” айдарын құру туралы шешім қабылдадық» – деп атап өтті. Расында, қазір азаматтарға құқықтық сауат ашатын платформалар ауадай қажет. Олай дейтініміз, ашық қоғам орнатуға ат салысатын кез келген азамат құқықтық сауат, құқықтық мәдениет, құқықтық қатынастың қыр-сырын меңгеруі қажет.
Сонымен қатар, бұл коммуникациялық байланыс-серіктестер арасында ақпараттық базамызды кеңейтуге, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді жоғары деңгейде қолдауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Әріптестерге, меморандум барысындағы барлық міндеттемелер тағы бір биік белестерге жетелейді деген сенім бар.
ПІКІРЛЕР