Елордада Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді

Елордада Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді

22–25 маусым аралығында, ЭКСПО-2017  көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz

Құрылтай бағдарламасының негізі ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.

Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып саналады. Ол 1992-2017 жылдар аралығында өткен бес Құрылтайдың өзара сабақтастығының бар екендігін көрсетеді және тәуелсіздік кезеңдерінде Қазақстан Республикасының айтулы табыстарға, соның ішінде этникалық көші-қон саясатының жетістіктеріне қол жеткізгендігін паш етеді.

Құрылтай жұмысына барлығы 750 делегат пен қонақ қатысады, оның ішінде 350 адам алыс және жақын шетелдердегі әлемнің 39 елінен келеді. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатыспақ.

750 делегат пен қонақтың басым көпшілігі ғылыми-шығармашылық және педагогикалық зиялылар өкілдері, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болып саналады.

Алдыңғы төрт Құрылтайға қатыспаған әлемнің сегіз елінен V Құрылтайға делегаттар мен қонақтар келіп отыр. Олардың қатарында Жапония, Корея Республикасы, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзірбайжан, Молдова елдері де бар.

Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 60 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрайды. Олар дені – түрлі елдердегі және Қазақстандағы жастар ұйымдарының, студенттік бірлестіктерінің көшбасшылары, магистранттар, докторанттар және жас мамандар.

Құрылтай аясында тұңғыш рет «НұрОтан» партиясының қолдауымен «Жастар рухани жаңғыруды қолдайды» атты дүниежүзі қазақ жастары көшбасшыларының форумы өтеді.

 BNews.kz

 Фото Today.kz-тен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 1
  • comment-avatar
    ораз 7 years

    Жылда жыйыласындар . Бір жақсы шешім,немесе заң қолдағасыңдар жоқ. Бірдерінді бірдерің мақтап шапалақтағанаң басқа бітіргендеріннең басқа ештене жоқ.

  • DISQUS: 0