19-маусым. Turaninform. Егер, қаңырап, бос қалған үйді алса, 85 мың еуроға дейін грант береді. Ирландия үкіметі өз еліне қарасты аралдардағы адами тіршілікті жандандыру, әрі дамыту үшін осындай онжылдық жоспар қабылдапты. Әрине, ақшаны оңды-солды таратпайды. Үйді алмақ болған адамның сол жерден басқа паналайтын мекені жоқ болуы тиіс. Бұл бірден-бір шарт.
Ирландия – әлемдегі әл-ауқаты жоғары мемлекеттердің қатарына жатады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР