12-қазан. Turaninform. Украина мемлекетінің басшысы В. Зеленский Президент сайлауын өткізуге қарсы емес екенін мәлімдеді. Ұйымдастыру үшін 60 күнге соғысты тоқтата тұру қажет екенін айтты. Мұның алдында ғана АҚШ президенті Д. Трамп: “Мен оларға (Украинаға) келісімге келе алатын жаңа ел басшысын сайлап алуды ұсынамын. Себебі, ол (В. Зеленский) қаншама ұсынысты қабылдауға шамасы келсе де, әлдебір себеппен ешқашан да қабылдамайды”, – деп ауыр сынаған болатын. Сонымен қатар, В. Зеленский бұл украин халқының шаруасы деп тигізе сөйледі. Д. Трамп Украинада президент сайлауын өткізу туралы бұған дейін де айтқан еді.
Екі ел арасының қайта нашарлауына АҚШ-тағы дизель отынының тапшылығы, бағаның шарықтауы әсер етті. Д. Трамп мұны В. Зеленскийдің кесірі санайды, яғни Украинаның Ресей мұнай өңдеу зауыттарын атқылауынан көреді. Бірақ, сарапшылар бағаның сонша өсуіне АҚШ-Иран қақтығысы зор әсер еткенін айтады.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР