23-қараша. Turaninform. 2020-жылдан бері Қытай билігі бір ғана Нинся автономды аймағының өзінде шамамен 1300 мешітті жапқан не бағыт-бағдарын өзгерткен. Сол елдегі мұсылмандар бойынша маман Х. Тикердің ақпараты осындай. Ал, Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы болса, Нинся аймағы мен Ганьсу облысында жүздеген мешітті жапқанын хабарлайды.
Бірнеше жылдан бері Қытай билігі өз еліндегі мұсылмандарды қыспақта ұстап келеді. Аталған елдің басшысы да, он жылдай бұрын-ақ, “исламды қытайландыру” туралы сөз қозғаған…
ПІКІРЛЕР