30-қаңтар. Turaninform. Қ. Нұрғали. АҚШ-тың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink ақыры адам миына чип салып көрді. Осы жобаның басында жүрген, әрі аталған компанияның егесі миллиардер И. Маск, бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазады. Егер, ойдағыдай жүзеге асса, миы істесе де, аяқ-қолы сал болып қалған адамға көмегі тимек. Басқа да пайдасы бар көрінеді. Мәселен, түсінуімізше, компьютер немесе смартфонда науқас адамның не айтқысы келгенін білуге болады. Болашақта инсульт алып, тілі күрмелгендер ғана емес, денсаулығы орнында тұрған адамдар да қосымша “бас” ретінде қолдануы әбден мүмкін-ау…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР