13-сәуір. Turaninform. Ғалымдардың пікірінше, ит қазіргі адам өмірімен қаншалықты байланысты болса, ежелгі уақытта түлкінің орны да соншалықты болған. Бұлай деуге Аргентинада 1500 жыл бұрын жерленген адамдардың қасынан табылған түлкі түрткі болып отыр. Оның ДНҚ-сын талдау кезінде, жеген азығы сол уақыттағы адамдардың тамағына ұқсас екені анықталған. Әрі аң аулауға пайдаланған көрінеді.
Мұның алдында Аргентина мен Перудегі ескі қорымдардан түлкінің тісі табылған еді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР