7-қазан. Turaninform. Екі жылдан бері Францияда баспана бағасы арзандап жатыр. Сұраныс та азайған. Мәселен, 2023ж. 2-тоқсанымен салыстырғанда, биыл сатылған баспаналар саны 21%-ға кем. Астанасы Парижде де жағдай оңып тұрған жоқ екен. Соңғы екі жылда астана аймағында өткен пәтерлер саны 36%-ға кеміген.
Әрине, үй сутегін бағада сатылып жатқан жоқ. Мәселен, Парижде 1м² баспананың құны 9 450 еуро немесе кемі 5 млн теңге тұрады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР