12-желтоқсан. Turaninform. Биыл әлем бойынша жарнамадан түсетін табыс $1 триллионның үстіне шығады. Financial Times таратқан ақпарат осындай. Бұл жарнама индустриясы үшін рекорд сома. Сонымен қатар, мұның жартысынан астамы бар болғаны бірнеше компанияға ғана тиесілі: Google, Meta, ByteDance, Amazon және Alibaba.
Әлемдік жарнама табысынан бірінші орында АҚШ тұр. Ізін басқан Қытай, аталған саладан осы жылы кемі $200 миллиард табуы мүмкін.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР