16-қаңтар. Turaninform. Өткен жылы сатылған смартфондар саны 1,24 миллиардқа жеткен болуы мүмкін. International Data Corporation ақпараты осындай. Бұл 2023ж. көрсеткіштен 6,4%-ға артық.
Samsung әлі бірінші орында келеді. Бұған S24 және A серияларының жақсы өтуі әсер етсе керек. Егер, Counterpoint Research мәліметіне сүйенсек, әлемдік нарықтағы үлесі – 19%. Екінші орында – Apple (18%). Дегенмен 2024ж. соңғы тоқсаны бойынша алғанда, Apple үлесі 23,2%-ға жетіп, бірінші орынға шыққан.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР