7-ақпан. Turaninform. Жалпы ішкі өнімді жан басына шаққандағы көрсеткіш – мемлекеттің экономикалық қуаты қандай екенін анықтайтын маңызды ресми өлшемдердің бірі. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, 2024ж. осы бойынша әлем елдерін тағы да Люксембург бастады. Бұл елде ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы көрсеткіш $135 мыңның үстіне шыққан! Екінші орында әлімсақтан байлар мекеніне айналған Швейцария тұр. Ең алып мемлекет АҚШ болса, бесінші орынға жайғасқан. Ал, Жер жүзі бойынша газға өте бай елдердің бірі – Катар қатардан қалып қойыпты. Әйтпесе, бұрын алдыңғы орындардан түспеген еді. Бүйірі толмауының бір себебі бар шығар…
Ондық елдерінің толық тізімі төмендегідей:
1. Люксембург;
2. Швейцария;
3. Ирландия;
4. Норвегия;
5. Сингапур;
6. АҚШ;
7. Исландия;
8. Катар;
9. Дания;
10. Нидерланды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР