12-ақпан. Turaninform. Әдетте, баланың көңіл-күйі ойнамалы келеді. Кей оқиғалар өте ауыр тиіп жатады. Соның салдарынан бала эмоционалды қысымға түсіп, психикалық жарақат алып, тырнағын тістеуге әкелуі мүмкін. Бұған түрлі себептер әсер етеді. Мәселен, қорқыныштан ұйқысының бұзылуы, үрей салатын үйдегі, тыстағы жиі қайталанатын оқиғалар, балабақшадағы, мектептегі жайсыздықтар, отбасындағы бітпейтін кикілжіңдер т.б.
«Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген. Өмірде өз тырнағын өзі тістейтін ересек адам да кездесіп жатады. Сондықтан бала кезінен алдын алып, эмоционалды, психикалық күйіне жете көңіл бөлген жөн. Бала ата-ананың қамқорлығын, мейірімін сезініп өсуі маңызды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР