МӘМС: медицина саласындағы сұмдық былықтар…

МӘМС: медицина саласындағы сұмдық былықтар…

17-қаңтар. Turaninform. Медицина саласында сұмдық былықтар бірінен соң бірі ашылып жатыр. Астанада екі клиника басшысы 680 млн теңгеден аса қаржыны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан (МӘМС) жымқырған деген ақпарат тарап еді. Ізін ала басқа да жаға ұстатар оқиғалар қылтиып шығуда. Мәселен, МӘМС-тен 1,8 млрд. тг клиникалар алып, 769 446 гендерлік сәйкес келмейтін скрининг (соның ішінде 619 ер адам маммограммадан “өткен”) жасадық деп жалғандатқан. Астанадағы әлдебір жеке клиникада дәрігер бір күнде 1442 адамды қарады деген. Мыңға тарта қайтыс болған адамға 3,6 мыңнан аса медициналық қызмет көрсетілді депті. Дәрі-дәрмектер құжат жүзінде берілді деп толтырылған, ал, іс жүзінде тиісті адамдар алмаған. Клиника басшылары бұл уақытта үлде мен бүлдеге оранып, үйдің, автокөліктің түр-түрін алған.
Мына былықтар іске асып жатқанда, Денсаулық сақтау министрлігі, соның басында отырған министр қайда қарап жүрген?! Тиісті бақылаушы мекемелер ше?.. Аудит жасау туралы тапсырма берілмесе, осылай кете бере ме?

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0