12-ақпан. Turaninform. Қытайдың Орталық Азия елдеріне салған тікелей инвестициясы 2025 1-жартыжылдығында 36 миллиард АҚШ долларын жуықтаған. Содан он жылдай бұрын $19,6 млрд. болған еді. Мұның шамамен үштен бірі Қазақстанға тиесілі. Өзбекстан (30%) мен Түрікменстан (27%) елдерінің үлесі де үлкен. Демек, үш елдің үлесі 90%-ды төңіректеп тұр.
Сонымен қатар, Орталық Азия елдерімен саудасы да қарқынды. Өткен жылы алғаш рет 100 миллиард АҚШ долларының үстіне шықты.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР