Парламент: Енді екі рет қана премьер-министр бола алады…

Парламент: Енді екі рет қана премьер-министр бола алады…
16-маусым. Turaninform. Венгрия парламенті Конституцияға премьер-министр лауазымын екі реттен артық атқартпайтын өзгеріс енгізді. Бұл арқылы бұрынғы үкімет басшысы В. Орбанның жолын кесті. Себебі, жаңа өзгеріс, 1990ж. бері премьер-министр болғандарға қатысты. Ал, ол 1998ж. бері бес мәрте премьер-министрлікке сайланған.
 Сонымен қатар, жаңа конституциялық өзгеріс басқа да саясаткерлердің “орбандалуына” жол бермейді. Венгрия демократиясының әлсіремеуіне, диктатураға түсіп кетпеуіне әжептәуір сеп болады… Мәселен, шектеусіздікті пайдаланған В. Орбан, ұзақ уақыт билікте отырып, авторитаризмді күшейтті. Тоталитарлы елдердің басшыларына бүйрегі бұрды. Керісінше, венгр елін демократия әлемінен алыстатты.
 Қазіргі премьер-министр П. Мадьярдың сайлауалды берген сөзінде, осы шектеу де бар еді.
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0