Еуроодақ: Ресей Венгрияға ықпалын сақтау үшін лас әдіс ойластырған

Еуроодақ: Ресей Венгрияға ықпалын сақтау үшін лас әдіс ойластырған
24-наурыз. Turaninform. Қ. Қалмахан. Осы көктемде Венгрияда Парламент сайлауы өтетіні белгілі. Соған сәйкес, Ресей билігі өзінің айтқанынан шықпайтын, антидемократиялық ұстанымдағы, қазіргі премьер-министр В. Орбанның партиясы тағы да жеңгенін қалайды. 16 жылдан бері билікті бермей келе жатқан В. Орбанның бүгінгі күйі онша емес. Венгрияның саяси да, экономикалық та проблемалары шешілмей келеді. Сондықтан оппозиция да күш алып барады. Осының бақылап, қалайда өзінің адамы билікте қалуын қалайтын Кремль, лас әдісті жоспарлаған көрінеді, яғни В. Орбанға өтірік қастандық жасауды ойластырған. Әрине, содан “аман” қалады да, сайлау науқаны таяған тұста, беделі көтеріліп шыға келеді. Кремльдің сұрқия жоспарын Еуропаның барлау қызметі байқап қойған. Ресейдің құпия жоспары әшкере болып, шартарапқа тарады. Енді бұл, керісінше, В. Орбан билігіне қосымша соққы болады.
 Мұның үстіне, бірер күн бұрын ғана Венгрия СІМ-і П. Сийярто ресейлік әріптесі С. Лавровқа Еуроодақ саясаткерлерінің саяси жиындарынан ақпарат беріп келгені анықталды. Демек, енді билікке оппозициялық партияның келуіне мүмкіндік туып-ақ тұр…
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0