14-қыркүйек. Turaninform. Ондаған жылдан кейін жасанды интеллект бүкіл адамзат баласын жойып жіберуі мүмкін. Осындай оқиға болуы ықтимал дегенге кемі 10% береді. Anthropic компаниясының жасанды интеллекті қауіпсіз пайдалану бойынша сарапшысы Эван Хьюбингер. Аталған компания Claude жасанды интеллект үлгісін жасаған. Таяуда жасырын пайдаланушы сол платформа арқылы биологиялық қаруды жасау әдісін білуге ұмтылған. Абырой болғанда, бұғаттап үлгірген көрінеді. Мұның алдында OpenAI ЖИ-і бағынбай кетіп, басқа жаққа кибершабуыл жасаған еді.
Бүгінгі күні Anthropic, OpenAI, xAI басшылары жасанды интеллект дамуын бәсеңдетуге үндеп отыр. Бірақ, АҚШ президенті Дональд Трамп ЖИ-ді баяулатуға қарсы. Оның ойынша, ендігі тартыста, бәсекелестікте жасанды интеллект бойынша озған ғана, басқаны ұта алады.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР