Йемендік радикалды хуситтер Сауд Арабиясына соғыс ашты десек те болады. Олардың арасынан Меккені алу, саудтық патшалықтан жергілікті жұртты “азат” ету дегенге ұқсас сөздер шығып жатыр. Жәй сөз емесіне, Меккеге кіреберісте саудтық күштердің хуситтік ұшқышсыз ұшатын аппаратты құлатып түсіруі дәлел.
Сауд Арабиясы оларға тойтарыс бермесе болмайтыны анық. Себебі, мұнай экспортының едәуір бөлігі Баб-эль-Мандеб бұғазымен өтеді. Ал, бұл аса маңызды су жолын экстремистік хуситтер біржола өз уысына түсіруге тырысып келеді.
Енді мына қызыққа келейік. Сауд Арабиясы йемендік радикалды күштердің бетін қайтару үшін, әскери одақтас іздеуде. Ал, осы жазда ғана Пәкістан, Түркие және Сауд Арабиясы өзара әскери келісім жасасып, соған сәйкес, қайсысына шабуыл жасаса, барлығына соғыс жариялаумен бірдей делінген еді. Сөйткен Пәкістан әлі бұғып жатыр, Түркие болса, хуситтерге қарсы соғысқа араласпайтынын, тек Сауд Арабиясы жерінде қорғанысқа ғана көмектесетінін мәлімдеді.
Құрманғали Нұрғали




























ПІКІРЛЕР