13-мамыр. Turaninform. Жыл өткен сайын әлемдік әскери салаға бөлінетін қаржы да артып келеді. Былтыр алдыңғы жылдың рекордын бұзды. Алдыңғы жылы 2021ж. көрсеткішінен асып түскен еді.
Абсолюттік бірінші орында сол АҚШ. Бұл елдің әскери салаға жұмсаған қаржысы $916 миллиард болған. Екінші орындағы Қытай да қалыспай, бюджетін кеңейткен: 296 млрд. АҚШ долларына жетті.
Әлемдік геосаяси тартыс жанталаса қарулануды одан сайын ушықтырды. Әсіресе, Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысы халықаралық саяси қарым-қатынасты шиеленістіре түсті.
Ал, ондықтағы мемлекеттер төменде…
1. АҚШ;
2. Қытай;
3. Ресей;
4. Үндістан;
5. Сауд Арабиясы;
6. Ұлыбритания;
7. Германия;
8. Украина;
9. Франция;
10. Жапония.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР