Ұлыбританияда оппозиция билікке келді

Ұлыбританияда оппозиция билікке келді

5-шілде. Turaninform. Қ. Қалмахан. Парламент сайлауында консерваторлар сайлауда жеңілді. Ұлыбританияда. 14 жылдан бері елді басқарып келе жатқан партиядан лейбористер басым түсті. Әлі дауыс саны толық саналып біткен жоқ. Соның өзінде лейбористер 412 орынды жеңіп алған (650 орынның). Ал, үкіметті алу үшін 326 орын жеткілікті. Риши Сунак лейбористер жетекшісі Кейр Стармерді құттықтап та үлгірді.

Консерваторлар кезінде Ұлыбритания халқының әлеуметтік жағдайы гүлденіп кетпеді. Брексит те алып бара жатқан нәтиже көрсетпеді. Керісінше, халық арасында Еуроодақтан шыққанына өкінген адамдардың қарасы қалыңдаған. Әрісі жаһандық экономикалық дағдарыс салдары, берісі пандемия, брексит, Украина соғысы, геосаяси тартыстар, содан туындаған әлеуметтік-экономикалық мәселелер – консерваторлар басқарған тұста болды. Бірінен соң бірі ауысқан премьер-министрлер де үлкен оң өзгеріс әкеле алмады.

Ұзақ уақыт бойы оппозиция саналған лейбористер – енді билік партиясы. “Өзгеріс” ұранымен билік басына қайта келген аталмыш партия, қаншалықты ілгерілететінін алдағы уақыт көрсетеді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0