Португалиялық саясаткер Антониу Гутерриш БҰҰ-­ға басшылық етпек…

Португалиялық саясаткер Антониу Гутерриш БҰҰ-­ға басшылық етпек…

 17-қазан. Turaninform. БҰҰ – халықаралық ұйымдардың ішіндегі іргелісі екені белгілі. Енді аталған ұйымға португалиялық саясаткер Антониу Гутерриш төрағалық етпек. Ол бұл қызметке ресми реті бойынша 2017­жылдың 1-­қаңтарынан бастап кіріседі.

Осы оқиғаға орай мемлекет басшысы Н.Назарбаев та құттықтау жеделхатын жолдаған.

Онда: «Бүгінде біздің алдымызда тұрған елеулі сын-қатерлерді ескерсек, бұл сенім вотумының маңыздылығы ерекше. Терроризм және экстремизмге қарсы күресу, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның қызметінің басты мәселелері. Бұл бағытта белсенді түрде жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін. (BNews.kz)» деп атап өткен.

Біріккен Ұлттар Ұйымына соңғы уақыттары түрлі елдер мен халықаралық институттардың, жекелеген азаматтардың т.б. тарапынан жиі сын айтылып келеді. Оның әлем елдері арасындағы қарым-­қатынасты реттеу, бейбіт өмірді сақтау, соғысқа барынша жол бермеу, әлеуметтік, саяси, экономикалық, әскери, экологиялық басқа да мәселелерді ретке келтіруде ықпалын жоғарылатуға қатысты қаншама рет ой­пікірлер, ұсыныстар айтылды.

Ендігіде қалай болатыны іргелі мемлекеттердің қолында қала бере ме, әлде, БҰҰ оларды өз ықпалында ұстай алатын қуатты халықаралық құрылымға айнала ма, бұл, әр елге, ондағы қоғамдарға т.б. да байланысты…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0