Астана. 2-қараша. Turaninform. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт мырза Тоқаевтың “KAZAKHSTAN” дегеннен гөрі “QAZAQSTAN” атауына бүйрегі бұрылуы – көптің көңіліндегіні дөп басты деп ойлаймыз. «…Ағылшын тілінде QAZAQSTAN – еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек» (forbes.kz), – депті ол, Twitter парақшасына. Бұл атау еліміздің бет-бейнеcімен, болмысымен, мемлекеттік тілімен үйлеседі. Мемлекетқұраушы ұлттың бейнесі бар…
Енді ресми түрде бекісе жақсы. Әйтпесе, бейресми ортада, жазуда, әлеуметтік кеңістікте “Qazaq eli”, “Qazaqstan” сөздерін бұрыннан қолданып жүрміз ғой…
Латын әрпі қолданыста кезінде, кириллицаға өтпей тұрғанда, «Қазақ» сөзін «Qazaq» деп жазғанымыз да мәлім. Тіпті қазір де көптеген компаниялар атауына латынәріпті «Qazaq» сөзін қосып алған. Жақында ғана «Казком» банкінің өз атауын, «Qazkom» деп өзгерткені соған бір дәлел.
ПІКІРЛЕР