АҚШ Иранның жиырмадан аса әскери кемесін жойғанын мәлімдеді

АҚШ Иранның жиырмадан аса әскери кемесін жойғанын мәлімдеді

5-наурыз. Turaninform. Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы жалғасуда. BBC таратқан ақпаратқа қарағанда, АҚШ Иранның жиырмадан аса әскери кемесі мен сүңгуір қайығын жойған. Соның ішінде ірі кемесі IRIS Dena да бар. Мұны Үнді мұхитында зымыранмен жарып жіберді. Кемеде 140 адам болған көрінеді. Олардың тоқсанға тартасы қаза тапқан. Кейбіріне Шри-Ланка көмектескен. Себебі, соған жақын жүзіп бара жатқан.

Израиль болса, Иран астанасы Тегеранды ғана емес, Исфахан, Ширазды да атқылаған. Бұл аймақтарда ядролық зерттеу мен уранды байыту орталықтары бар делінеді. Сондай-ақ, Тегеран аспанында Израильдің F-35I жойғыш ұшағы Иранның YAK-130 жойғыш ұшағын атып құлатқан. Шайқас басталған уақыттан бері мыңнан астам ирандық о дүниеге аттанған.

 Бүгін басталғаннан бері Иран Біріккен Араб Әмірліктеріне қарата 121 ұшқышсыз ұшатын аппарат пен екі баллистикалық зымыран атты. Қатар болса, он дрон мен екі қанатты зымыранды қағып түсіргенін мәлімдеді. Кувейтті бүгін тағы да атқылаған. Сонымен қатар, Түркиеге қарсы да әскери зымыран ұшырған. Бірақ, түріктер аспанда жарып жіберген.

 Иран АҚШ-пен мәмілеге келгісі келетіні туралы ақпарат тағы шықты. Бірақ, Ақ үй басшысы мұны қабылдай қойғысы жоқ секілді…

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0