Астана. 3-қараша. Turaninform. Елімізде жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу жолында бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Астана қаласында да Жұмыспен қамту орталығы өткізген жәрмеңкелер аясында 400-ден аса азаматтар жұмыс тауыпты. Әрине, 1 млн тұрғыны бар елорда үшін бұл көп емес.
«2013-жылы көзім нашарлай бастады, сол себепті мемлекеттік қызметтен кетіп, операциядан кейін бір жыл үйде отырдым, содан соң бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің арқасында жұмыс таптым. Мұндай жұмыс компьютердің алдында көп отыруды талап етпейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтып отырғаны үшін әкімдікке, елімізге алғыс айтамын» (astana.gov.kz.), – дейді Мемлекеттік мұрағат қызметкері жұмысына тұрған Баян Оспанова. Ол кезінде мұғалім, аудармашы секілді қызметтер атқарыпты.
Астана әкімдігі сайтындағы ақпаратқа қарағанда, «жыл басынан бері жұмыссыз азаматтарға арналған 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»өткен. Ақ адал жолмен жұмысқа орналасуға жағдайлар жасала түссе, жақсы ғой…
ПІКІРЛЕР