4-қараша. Turaninform. Қазгидрометтің ақпаратына қарағанда, еліміздің бірнеше аймағында жаңбыр, қар жауып, қатты жел тұруы т.б. мүмкін.
«Каспий теңізі оңтүстігінің үстінде қалыптасқан циклон, қатты жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытқа жылжуда, таяудағы тәулікте оның орталығы Балқаш ауданының үстінде болады. Осы циклонмен, соған байланысты атмосфералық фронттармен, республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын күтілуде. Еліміздің оңтүстігі, орталығы мен шығысында кей жерлерде күшті жауын-шашын, жаңбырдың арты қарға ұласады, тайғақ, желдің күшеюі кей жерлерде 15-25 м/с дейін жетеді» делінген Қазгидромет сайтында.
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай — Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй» деп Абай атамыз сол уақытта-ақ, екі мезгілдің шекарасында тұрған айларға мінездемесін сәйкесінше беріп-ақ кеткен. Абзалы дайын болу…
ПІКІРЛЕР