13-қараша. Turaninform. Ай “үлкейеді”. Дәлірегі, Жер серігі – Ай перигейге келгенде, яғни айналу орбитасында біздің планетаға жақындағанда осындай құбылыс болады. Жерге осылай ең жақын келуі соңғы рет 68 жыл бұрын – 1948-жылдың қаңтар айында болған екен. Планетамыздан Айға дейінгі қашықтық орташа есеппен 380 000 км болса, осы жақындау сәтінде шамамен 356 000-ға дейін азаймақ. Жер тұрғындары мұны енді 13-қарашадан 14-іне қараған түні байқауына болады.
«Ескі Ай – есірке, жаңа Ай – жарылқа!» деген көне түсініктің, танымның қазағымызда қалыптасуына осындай құбылыстар да әсер етсе керек…
ПІКІРЛЕР