23-қараша. Turaninform. Азаматтық қоғам құруды мақсат еткен ел үшін соттың әділ төрелік етуінің маңызы тіптен зор. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұлтымыз әділ қазы болудың шартын бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген. Ал, қазір қалай? Қай деңгейдеміз?.. Кінәсізбін деп, оған дәлелін де ұсынып, баспасөзге жазып, телеарна іздеген, бірақ, оған соттың шығарған шешімі басқа болған оқиға кездеспейді емес, кездеседі. Басқа да жағдай болып жатады… Қарапайым адамдардың: «Апырмай, бұл қалай болғаны?..» деген сауалын тудыратын…
«Негiзгi мәселе – Қазақстан халқының сотқа деген көзқарасы, қарым-қатынасы қандай? Көңiлi көншiдi ме? Барлық мәселелермен сотқа бара ма, әлде әлi күнге дейiн Президентке хат жаза ма?! Мәселе осында. Бiз реформа жасадық, өйттiк-бүйттiк деп отырмыз, бiрақ ең бiрiншi мәселе халықтың сотқа сенуi, сотқа баруы болуы керек. Баяғыдан келе жатқан бiрдеме болса райкомға, обкомға бару, бастықтарға жазу әлi күнге дейiн тоқтаған жоқ. Осы мәселеге көңiл бөлу қажет» (bnews.kz), – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Астанада өткен республика судьяларының VII съезінде.
Демек, мәселе әжептәуір. Әрине, жаппай соттың бәрінде емес…
Фото kaztrk.kz-тен алынды
ПІКІРЛЕР